Неден бастауға болады
Отбасылар балаға өтініш білдіру, нұсқауды түсіну, ойнау, тұрмыстық әрекеттерді орындау немесе қажеттілігін қауіпсіз жеткізу қиын болғанда жүгінеді.
Аутизм спектрінің бұзылысы (АСБ), психикалық-сөйлеу дамуының тежелуі (ПСДТ, орысша ЗПРР) немесе психикалық дамудың тежелуі (ПДТ, орысша ЗПР) бар балаларға жеке ABA сабақтарын өткіземіз. Алғашқы мақсатты отбасымен бірге таңдаймыз. Мысалы, балаға өзіне ыңғайлы тәсілмен көмек сұрауды немесе үзіліс керек екенін білдіруді үйретеміз.
- қарым-қатынас және өтініш білдіру
- тұрмыстық дағдылар мен дербестік
- ойын және оқу дағдылары
- қиын мінез-құлыққа байланысты қауіптерді азайту
Алғашқы мақсаттарды қалай таңдаймыз
Алдымен маман баламен танысып, оны бақылайды және дағдыларын бағалайды. Ата-анамен бірге алғашқы мақсаттарды таңдап, неден бастау тиімді екенін анықтаймыз.
Сабақта не болады
Сабақ ABA-нұсқаушымен жеке өтеді. Оқу ойынмен және қимыл-қозғалыспен кезектеседі, ал тапсырмалардың күрделілігі біртіндеп артады. Кейін меңгерілген дағдыларды басқа балалармен қарым-қатынасқа және күнделікті өмір жағдайларына көшіреміз.
Бағдарламаның көмектесіп жатқанын қалай түсінеміз
Нұсқаушы сабақ үстінде ABA-SYSTEM.kz жүйесіне баланың нені өздігінен орындағанын, қай жерде көмек қажет болғанын және нені әзірге орындай алмағанын жылдам тіркейді. Ата-аналар баланың дағдылары бойынша графиктерді жеке кабинеттен көре алады.
Клиникалық директор деректерді талдайды, сабақтарды бақылайды және қажет болса бағдарламаны түзетеді.
Отбасы үйде не істей алады
Ата-аналар тұрақты түрде кері байланыс және үйдегі күнделікті жағдайларда бөлек күрделі сабақтарсыз қолдануға болатын ұсынымдар алады.
Дағды дамымаса не істейміз
Бағдарлама басталғанға дейін таңдалған дағдылардың бастапқы деңгейін тіркеп, динамиканың қандай өлшемдермен бағаланатынын отбасына түсіндіреміз. Егер деректер мақсаттың ілгерілемегенін көрсетсе, команда оқыту тәсілін, көмек түрін немесе мақсаттың өзін қайта қарайды.
Ата-аналар нақты мақсаттар бойынша тұрақты кері байланыс алып, бағдарламада не өзгергенін түсінеді.
ABA-терапия орталығы · Астана